Профилактика – басты назарда: Шымкентте полицейлер студенттер және оқушылармен ауқымды кездесулер өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерімен бірқатар профилактикалық кездесулер өткізді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ашық форматта өткен кездесулер барысында полицейлер студенттермен қоғамда алаңдаушылық тудыратын бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, сталкинг фактілері, қыз алып қашу, есірткі қылмыстары, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың түрлі тәсілдері сөз болды. Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттердің құқықтық салдарын жан-жақты түсіндіріп, жастардың қылмысқа қалай тартылатыны туралы айтып, және алаяқтардың құрбанына айналмау жолдары жөнінде кеңестер берді.

Студенттер де белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өмірде және интернет кеңістігінде кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды талқылады.

Сонымен қатар, аудандық полиция басқармалары мен департаменттің бөлім басшылары қаладағы 100 мектепте жоғары сынып оқушыларымен де осындай профилактикалық кездесулер өткізді. Кездесулер барысында оқушыларға заң талаптары түсіндіріліп, есірткінің заңсыз айналымының, интернет-алаяқтықтың қауіптілігі, жеке қауіпсіздік пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы айтылды.

Жалпы алғанда, профилактикалық іс-шараларға 10 мыңға жуық студент пен оқушы қатысты.

Тәртіп сақшылары мұндай түсіндіру жұмыстары жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жасөспірімдер мен студенттер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1182365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version