Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасымен бірлесіп кезектен тыс өрт-тактикалық сабақ және профилактикалық іс-шаралар өткізді. Сабақ барысында шартты өрт туындаған жағдайда жеке құрамның іс-қимылдары, қызметтердің өзара әрекеттесу тәртібі және бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдері пысықталды. Сонымен қатар жедел әрекет ету, адамдарды эвакуациялау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, жеке құрам арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт туындаған кездегі дұрыс іс-қимылдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1182430?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау