Сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезекті елу екінші сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезекті елу екінші сессиясы 2026 жылғы 20-шы наурыз күні сағат 15:00-де Шардара қаласына шақырылсын.

 

   Аудандық мәслихат

          төрағасы                                                                        Б.Муталиев

 

 

                        Шардара аудандық мәслихат депутаттарының

назарына

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті елу екінші сессиясы 2025 жылғы 20-шы наурыз күні сағат 15:00-де Шардара қаласында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «Б» ғимарат (3-қабаттағы мәжіліс залы).

         Аудандық мәслихаттың депутаттары мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 20-шы наурыз күні сағ 14:30-дан бастап  жүргізіледі.

         Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы 2026 жылғы 19-шы наурыз күні сағ 11:00-де, Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «Б» ғимарат аудандық мәслихатта өтетінін хабарлаймыз. Депутаттарды тұрақты комиссия мәжілісі алдында тіркеу 19-шы наурыз күні сағат 10:30-дан бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.

 

Сессия қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

  1. Шардара аудандық білім бөлімі басшысының 2025 жылы бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
  2. Достық ауылдық округі әкіміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
  3. Ақшеңгелді ауылдық округі әкіміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
  4. Қызылқұм ауылдық округі әкіміне жүктелген  міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
  5. Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі.
  6. 2025 жылы аудандық мәслихаттың сессияларында депутаттармен айтылғанан сын-ескертпелер мен ұсыныстардың және депутаттық сауалдардың орындалу барысы туралы.

 

 

 

  1. «Шардара ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы” Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 21-99-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  2. Шардара аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі №44-337-ІV «Шардара ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №49-284-V «Шардара ауданы әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелелер жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №19-125-V «Шардара ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

 Аудандық мәслихат

 төрағасы                                                                                  Б.Муталиев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shardara/press/news/details/1182313?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version