ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025/2026 жылғы эпидемиялық маусымда ЖРВИ-дің 64 520 жағдайы тіркелді.
Өткен эпидемиялық маусымның осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8,8%-ға төмендеді (өткен маусымда — 70 819 жағдай).
Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді — 41 129 жағдай, бұл 63,7% құрайды.
Соңғы аптада ЖРВИ-дің 1735 жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 28,6%-ға төмендеді (2431 жағдай).
2025/2026 жылғы эпидемиялық маусымда A(H3N2) тұмауының 221 жағдайы тіркелді.
Алғашқы жағдай 2025 жылғы 7 қарашада тіркелді.
Жас ерекшелігі бойынша:
• 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 89 жағдай;
• ересектер арасында — 132 жағдай.
Облыста тұмауға жатпайтын вирустардың 82 жағдайы анықталды, атап айтқанда: риновирустар — 47 жағдай, бокавирустар — 10 жағдай, аденовирустар — 4 жағдай, РС-вирус — 21 жағдай.
ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерді үйге шақырып, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1182377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version