Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен «№141 жалпы білім беретін орта мектебінде» «Салауатты ұрпақ пен білімді қоғам: ортақ мақсат» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында жас ұрпақтың рухани және зияткерлік дамуы, салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім мен тәрбиенің қоғамдағы маңызы туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ жастарды жат идеологиядан қорғау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамда тұрақтылық пен бірлікті сақтау мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында қатысушыларға саналы ұрпақ тәрбиелеуде отбасы, білім беру мекемелері және қоғамның бірлескен жұмысының маңызы түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/1182671?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау