⚜️Наурызнаманың онкүндігі жалғасуда, бүгін Балпық ауылдық округінде 50 қарияға бір мезетте 50 шапан жабылып, ерекше құрмет көрсетілді. Ауқымды шараға өңір басшысы да қатысып, дүйім жұртты мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізуде.
⚜️Қазақ халқының дәстүрінде шапан жабу – үлкенге деген құрмет пен сыйластықтың айқын көрінісі. Тамыры тереңге кеткен бұл салт көшпенділер мәдениетінің ажырамас бір бөлігі саналады. Сондықтан бұл игі бастама ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, ел ішіндегі өзара сыйластық пен ізеттіліктің жарқын белгісіне айналды.
⚜️Аудан азаматтарына үлкен буын бата беріп, алғыс білдіріп отыр. Осындай өнегелі бастамалар құндылықтарды ұлықтауға қызмет етері сөзссіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-bastobe/press/news/details/1183181?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау