📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті Шардара қаласының Абай және Қызылжар мөлтек аудандарының тұрғындары!
Шардара қаласының Абай және Қызылжар мөлтек аудандарына жүргізілген орталықтандырылған кәріз жүйесіне қайта жуу, шаю жұмыстары жүргізілді.
Осыған байланысты, 2026 жылдың 17 наурызынан бастап аталған мөлтек аудандардың тұрғындарын жаңадан салынған орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға шақырамыз.
Орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылу:
санитарлық жағдайды жақсартуға,
қоршаған ортаны қорғауға,
тұрғындарға қолайлы коммуналдық қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.
Қосылу тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпаратты жергілікті коммуналдық қызмет көрсетуші «Шардара сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынан алуға болады.
«Шардара сервис» ШЖҚ МКК

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1183033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version