🔰 ҚАЗЫҒҰРТ: ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес Қазығұрт ауданында кездесу өтті.
 
Кездесуге Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы Иматов Қанат Абдурахманұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Қазығұрт ауданында орналасқан жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарын жасамаған кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
 
Кездесу барысында Еңбек кодексіне 2026 жылы енгізілетін негізгі өзгерістер және қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің бөлім басшысы Ғалымжан Сейдуәліұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы баяндама жасады.
 
Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар, ауданы әкімі аппаратының басшысы Иматов Қанат Абдурахманұлы тарапынан құзырлы мекеме басшыларына көтерілген мәселелерді қатаң бақылауға алып, тиісті мерзімде орындалуын қадағалау бойынша тапсырма берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1182985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version