2026 жылғы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында «Құқық тәртібінің әліппесі» жобасын іске асыру аясында Ашық есік күні өтті. Оған №25 мектеп-лицейдің оқушылары мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында жас қонақтарға прокурор мамандығы, қызмет ерекшеліктері, жұмыстағы қиындықтар және кәсіби деңгейге жету жолдары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қонақтар үшін ШҚО прокуратурасының тарихи музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Оны кадр бөлімі басшысының орынбасары Александров В.А. өткізді. Мектеп оқушылары мен студенттер кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, прокуратура органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы қызықтырған сұрақтарын қойды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1182934?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау