16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16 наурыз күні Мөңке би ауылдық клубы мен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған «Салт-дәстүр – асыл қазынам» (халық дәстүрін жаңғырту, тұсаукесер, бесікке салу көрсетілді)атты сахналық қойылым қойылды. Мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерін, ырым-тыйымдары мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, олардың тәрбиелік мәнін жас ұрпақтың санасына сіңіру, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру. Шара барысында ауылдың ақ жаулықты әжелері халқымыздың дәстүрлі ғұрыптарын көрініс арқылы таныстырып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1183222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version