Жұмыс орны «екінші үй» іспеттес — ол жайлылық пен қолайлылықты қамтамасыз ететін, ортақтық сезімін қалыптастырып, маңызды мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін орын.
Бүгін Лисаков өңірлік мемлекеттік архивінің ұжымы Шаңырақ күніне орай жылы, достық атмосферада іс-шара өткізді. Іс-шара барысында ақсақалдар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, домбыраның сүйемелдеуімен дәстүрлі қазақ әндері орындалды. Қатысушылар аға буынның әңгімелерін зор қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісіп, бірлік пен өзара түсіністік атмосферасын қолдады.
Шаңырақ күнін атап өту ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын, үлкендерге құрмет көрсетуді және ұжымдағы достық байланысты нығайтуды еске салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1183411?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау