17 наурыз – Шаңырақ күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақ дәстүрінде шаңырак киелі саналады. Бұл аспан күмбезі, үй, тірек, ырыс, қорғаныш, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан сабақтастық әрі материалдық және рухани мұра, сол сияқты отбасы беріктігі мен тек жалғастығының символы. Сондықтан бұл күн жас ұрпақты патриоттық, ізгілік, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыруды паш етеді. 

Шаңырақ ең алдымен отбасымен байланыстырылады, сондықтан да қазақтар жаңа отау құрылғанда жас шаңырақтың киіз үйін құруға ерекше мән берген. Біздің бабаларымызда “Шаңырақ көтеру” деп аталатын айрықша дәстүр болған. Сол сияқты «Шаңырағың биік болсын!» деген ақ тілектерді де жиі естиміз. 

Наурызды тойлау тұжырымдамасынан туындаған «Шаңырақ күні» отбасылық құндылықтар мен махаббаттың жалпыхалықтық күні ретінде белгіленген. 

Ашық дереккөздердегі ақпараттар бойынша әзірленді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu/press/news/details/1182995?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version