Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында Абай атындағы әмбебап кітапханаға барып, «Бірге кітап оқиық» атты танымдық акцияға қатысты.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері кітапхананың бай кітап қорымен танысып, қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармаларын парақтап, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты.
Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, жастарды рухани-мәдени құндылықтарға баулу және білімге деген ұмтылысты қолдау.
Полицейлер мұндай мәдени-ағартушылық шаралар тұлғаның рухани дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Олардың айтуынша, кітап оқу – ой-өрісті кеңейтіп, адамды ізгілік пен парасаттылыққа жетелейтін маңызды құндылық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1183464?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау