Алмалы ауданының Отбасын қолдау орталығында «Ішкі сезім мен эмоция» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренинг барысында қатысушылар өз ішкі сезімдерін түсіну, эмоцияларын басқару және өзін қабылдау туралы маңызды ақпарат алды. Сондай-ақ түрлі психологиялық жаттығулар өткізіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пайдалы тәжірибе жинақтады.
Мұндай тренингтер адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өзіне деген сенімді арттыруға және өмірге жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1183551?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау