Алкогольдік мас күйде жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша пәрменді алдын алу шараларының бірі алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде теріс пайдаланатын адамдарды оқшаулау, одан кейін оларды мамандандырылған медициналық мекемелерге мәжбүрлеп емдеуге жіберу болып табылады.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын 5485 адам диспансерлік есепте тұр. Оның 118-не қатысты сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.
Қазіргі уақытта Ерейментау ауданының Сілеті кентінде орналасқан емдеуден өту үшін мамандандырылған медициналық мекемеге 89 адам жеткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі. Денсаулық сақтау органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарды анықтау жүргізілуде, оларды медициналық куәландыру және кейіннен сотқа жіберу үшін материалдар дайындау ұйымдастырылуда.
Аталған шараларды іске асыру мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге, құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға және Ақмола облысындағы жедел жағдайды тұрақтандыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1183101?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау