Аудан әкімі республикалық референдумда дауыс берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты республикалық референдумда Тереңөзек кентіндегі №155 учаскеге барып, дауыс берді.
– Бүгін еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сырдариялықтар ел ертеңі үшін бірлігін көрсетіп, референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін, – деді Берік Әбдғаппарұлы.
Айта кетейік, ауданда 18 сайлау учаскесі және 21 967 сайлаушы бар. Сырдариялықтар референдумға белсенді қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1182815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version