Аудан кітапханашыларымен «Референдум нәтижелері: олардың қоғам үшін маңызы» тақырыбында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“AMАNAT” партиясының Байзақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Референдум нәтижелері: олардың қоғам үшін маңызы» тақырыбында мазмұнды семинар өткізілді.
Семинар барысында аудандық маслихат депутаты Е.Ермеков пен филиал төрағасы И.Спаналиева аудан кітапханашыларымен бірге референдум қорытындыларының қоғам дамуындағы рөлі жан-жақты талқылады.
Атап айтқанда, референдум нәтижелері – халықтың тікелей еркін білдіретін маңызды көрсеткіш екені, оның қоғамның даму бағытын айқындап, саяси жүйеге деген сенімді нығайтатыны айтылды. Сонымен қатар, азаматтардың ел тағдырына бейжай қарамай, саяси белсенділігінің артуы – демократиялық құндылықтардың нығаюының айғағы екені атап өтілді.
Семинар барысында қабылданған шешімдердің қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті күшейтудегі маңызы да кеңінен сөз болды. Ортақ таңдау – ортақ жауапкершілік жүктейтіні ерекше атап өтілді.
Қорытынды бөлімде референдум нәтижелері мемлекеттік реформалардың заңды негізін қалыптастырып, елдің алдағы даму стратегиясын айқындайтыны айтылып, соңынан қатысушылардың отаншылдық бағытындағы жалынды үндеуімен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1183184?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version