Мерекелік жартылай киіз үй жанында әр буын өкілдері – алтын той иелері, тәжірибелі отбасы және жас отбасылар бас қосты. Қатысушылар отбасылық бақыттың сырларымен бөлісіп, өз дәстүрлері жайлы әңгімелеп, қазақтың салт-дәстүрлері мен туыстық атауларына арналған танымдық викторинаға қатысты.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – үлкен буынның жас отбасыларға берген ақ тілегі мен батасы болды.
Мұндай кездесулер бізге ең басты құндылықты тағы бір еске салады:
отбасы – тірегіміз, жылуымыз және дәстүр жалғастығы.
Әр шаңырақта береке мен бірлік орнап, қуаныш пен шаттық мол болсын!
Шаңырақтарыңыз биік, босағаларыңыз берік болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1183113?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау