«Бір жасыңмен»: Ұлттық дәстүрдің жаңғыруы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент қызметкерлері Орал қаласы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ондағы ақсақалдар мен әжелерге сәлем беріп, Көрісу күнімен құттықтады.

Кездесу барысында үлкендерге құрмет көрсетіліп, дастархан жайылып, ән шырқалып, жылы лебіздер айтылды. Қариялар өз кезегінде батасын беріп, елдің тыныштығы мен амандығын тіледі.

Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Бұл күн жыл сайын 14 наурызда, әсіресе Қазақстанның батыс өңірлерінде кеңінен тойланады.

Бұл күннің ерекшелігі – үлкенге құрмет көрсету дәстүрінің жарқын көрінісі. Жасы кіші адамдар ауыл, отбасы, әулеттің үлкендеріне арнайы барып, сәлем беріп, батасын алады.

Бұл – тек әдептіліктің ғана емес, халықтың мызғымас салт-дәстүрінің белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1183419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version