Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен Салмаев Ғани Сапарғалиұлы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Ғани Сапарғалиұлы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «инженер-бакалавр» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да бастаған.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көлік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқарып, маман және бас сарапшы лауазымдарын атқарған.
Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті Автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1182628?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау