📢 Ауылшаруашылық тауар өндірушілер НАЗАРЫНА!
«Игілік»
«Береке»
«Жайлау»
бағдарламаларының басталуы!
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қатысыңыз!
✅ НЕГІЗГІ ШАРТТАР:
• Есептік нөмірдің болуы.
• Жайылымдық жердің болуы (есеп: 1 басқа 3 га).
• Мал ұстауға арналған үй-жайдың болуы
🐂 САТЫП АЛЫНАТЫН МАЛДЫҢ ЖАСЫ:
• Аналық мал (етті бағыт): 9-18 ай.
• Қашарлар (сүтті бағыт): 12-17 ай.
• Құнажындар (сүтті бағыт, 5 айға дейінгі буаздық): 18-26 ай.
• Асыл тұқымды бұқалар (етті бағыт): 12-26 ай.
💻 ЕСЕПКЕ ҚОЮҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
• Міндетті түрде RFID сәйкестендіру (чип/сырға).
• Деректерді жинақтау үшін сканерлерді пайдалану.
• АШБ және САТЖАБ жүйелерінде тіркелу («асыл тұқымды» мәртебесі берілуі тиіс).
⚠️ ЕРЕКШЕ ШАРТТАР (МАҢЫЗДЫ!):
📅 Аналық малды мақсатты пайдалану мерзімі — кемінде 4 жыл (ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 03.12. №3-3/1061 бұйрығына сәйкес табиғи өлім нормаларын қоспағанда).
🧬 2. Етті бағыт үшін:
Етті бағыттағы мал сатып алған кезде міндетті түрде:
• І санаттағы асыл тұқымды бұқаларды пайдалану (норма: 1 бұқаға 30 бастан аспау).
• НЕМЕСЕ жасанды ұрықтандыруды қолдану (актілермен расталуы тиіс).
⏳3. Өндіруші бұқалар үшін:
Сатып алынған бұқаларды мақсатты пайдалану мерзімі — қатарынан 2 шағылыстыру маусымынан аспауы тиіс (кемінде 18 ай).
📲 Туындаған сұрақтар болса, келесі мекен-жайларға хабарласыңыз:
📍 аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері
📍 Ауыл шаруашылығы басқармасы
📞 32-22-59
📞 32-22-09
📍 Аграрлық несие корпорациясы
📞 1408
📞 87010061991
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis-baizakov/press/news/details/1183174?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау