Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарының төрағалығымен жеке құрамға арналған кәсіби қызметтік және дене даярлығы бойынша дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы қызметкерлері қызметтік және стандарттан тыс жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін қамтитын кешенді бағдарламаны таныстырды.
Қызметкерлерге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ жедел шешім қабылдау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар атыс, дене даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша ақпарат берілді.
Сондай-ақ жеке құрамға заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1183320?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау