Мемлекеттік қызметке іріктеу: жаңа мүмкіндіктер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Мемлекеттік қызметке іріктеу: жаңа мүмкіндіктер

 

Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдетуге, бюрократияны қысқартуға және кадрларды іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізуге бағытталған инновациялар жүзеге асырылуда.

Жеке сектордан кандидаттар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа біліктілік талаптары қабылданды, қызметшілердің қызметін бағалаудың жаңа жүйесі және келісімшарттық қызметшілер институты енгізілді, өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу жүргізілуде.

Қабылданған шаралар жастар, дарынды адамдар үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығын қамтамасыз етуге, кадрларды ұстап қалуға және кәсібилендіруге бағытталған.

2023 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15 – бабы айтарлықтай толықтырылды, оған сәйкес грант бойынша және GPA-мен 3,33-тен төмен емес білім алған жоғары оқу орындарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде төменгі мемлекеттік лауазымдарға орналаса алады. Солтүстік Қазақстан облысында университеттердің 22 түлегі заңның осы нормасына сәйкес төменгі лауазымдарға тағайындалды.

Осыған ұқсас норма ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері үшін де қолданылады, олар академияны бітіргеннен кейін бір жыл ішінде өңірлердегі басшылық лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар да жеңілдетілді. Университет түлектері ғана емес, колледж түлектері де белгілі бір жұмыс өтілі болған жағдайда аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдардың басшылары, басшы орынбасарлары, сектор меңгерушілері сияқты басшылық мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алады.

Үлгілік біліктілік талаптарына ротациялауға жататын басшы лауазымдарға салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған кезде тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болмаса тағайындауға болатын талаптар енгізілді.

         Ротациялауға жататын орынбасарлардың лауазымдары үшін тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, сол салада кемінде он жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған кезде талап етілмейді.

Квазимемлекеттік және жеке секторда жұмыс тәжірибесі бар 8 кандидат конкурстан тыс облыстық атқарушы органдардың басшылары лауазымдарына тағайындалды.

         Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер іріктеуге қашықтан қатысуға мүмкіндік беретін «Е-қызмет»ашық порталы арқылы цифрландырылды.

2026 жылғы 1 сәуірден бастап осы жүйе арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімі өзгереді. Конкурстық рәсімдерге қатысқанға дейін үміткер мемлекеттік тілді, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өтуі тиіс.

Осы кезеңдерден сәтті өткен кандидаттар бір күнтізбелік жыл ішінде конкурстарға қатысуға құқылы болады.

Басшылық лауазымдарға үміткерлер эссе жазады және әңгімелесуден өтеді, онда сұрақтар кәсіби қызметке қатысты.

Орындаушылық және төменгі лауазымдар үшін практикалық бағалау кезеңі енгізілді.

Мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту жөнінде үлкен назар аударылды. 2024 жылы аймақтық кадрлық резервтерге іріктеу жүргізілді. Облыстың кадр резервіне 20 адам кірді, оның 53% – ы жергілікті атқарушы органдардың басшы мемлекеттік лауазымдарына тағайындалды.

Дарынды жастар үшін әлеуметтік лифт ретінде Президенттік жастар кадрлық резерві құрылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың негізгі лауазымдарына үш жүзден астам                   ПЖКР резервшілері тағайындалды.

Алдағы уақытта жастарды мемлекеттік органдарға тарту үшін мектеп оқушыларын ерте кәсіптік бағдарлау институты құрылатын болады. Қатысушыларды іріктеу критерийлері жоғары академиялық үлгерімді және қоғамдық өмірге белсенді қатысуды қамтиды.

Қазірдің өзінде мектеп оқушылары мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтіп, мамандық таңдау бойынша шешім қабылдай алады.

«Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің,колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында мемлекеттік органдардың өкілдері жастарды мемлекеттік қызметке тарту үшін тұрақты кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Осылайша, өткізіліп жатқан реформалар мемлекеттің кәсіби, ашық және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға нақты бағытын көрсетеді.

Жаңа қағидалар, іріктеу тәсілдеріәділ және бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырып, мемлекеттік қызметшіге деген басты критерийлер құзыреттілік пен нәтижені талап етеді.

 

 

Г. Сүйіндікова,

ҚРМемлекеттік қызмет істеріагенттігініңСолтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/1183341?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version