ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП

«Педагогикалық олимп» ІІ облыстық педагогикалық олимпиадасы өтті
Қостанай облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған «Педагогикалық олимп» ІІ облыстық педагогикалық олимпиадасы өтті.
Бұл білім алаңы өңір колледждерінің педагогтері үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге және жаңа педагогикалық идеяларды ұсынуға мүмкіндік берді.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді насихаттау және шығармашылық ізденістерін қолдау.
Бүгінде білім беру жүйесі цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа оқыту технологиялары дәуіріне қадам басты. Осындай кәсіби алаңдар педагогтердің кәсіби өсуіне, тиімді тәжірибелерді таратуға және білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Олимпиадаға Қостанай облысының техникалық, гуманитарлық, медициналық және педагогикалық бағыттағы колледждерінің оқытушылары қатысты. Қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберлігін, шығармашылық әлеуетін және заманауи технологияларды қолдану деңгейін көрсетті.
Байқау нәтижесі:
І орын
* Волошко Валентина Ивановна – Қостанай жоғары педагогикалық колледжі
* Тулегенов Еркебулан Нурланович – Қостанай политехникалық жоғары колледжі
ІІ орын
* Усенова Жанар Орманбековна – Қостанай құрылыс колледжі
* Назметдинова Оксана Александровна – Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі
ІІІ орын
* Аханова Алия Мурзалеевна – Қостанай индустриалды педагогикалық колледжі
* Бигалиев Берик Амирханович – Әулиекөл ауылшаруашылық колледжі
* Дюсенова Макпал Кудабаевна – Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі
Номинациялар:
«Білім берудің цифрлық трансформациясы» – Верещага Оксана Сергеевна, Қостанай ауылшаруашылық колледжі;
«Интеллектуалды вектор» – Калиева Бибигуль Сериковна, Қостанай жоғары медициналық колледжі;
«Педагог-зерттеуші» – Жумашев Жансеит Карасаевич, Рудный тау-кен-технологиялық колледжі;
«Қолданбалы мән» – Кечко Галина Викторовна, Қостанай агротехникалық колледжі;
«Шығармашылық ізденіс» – Саулина Наталья Викторовна, Рудный музыкалық колледжі;
«Кемелдікке ұмтылу» – Северина Ольга Владимировна, Федоров ауылшаруашылық колледжі.

Педагогикалық олимпиада педагогтерге тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Мұндай кәсіби алаңдар өңірдегі білім беру сапасын арттыруға зор үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1183514?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version