Қазақстанда бүгін жаңа Конституцияға қол қою рәсімі өтті. Ресми рәсім аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушыларға арнап сөз сөйледі.
Президент бұл оқиғаның тарихи маңызын атап өтіп, қабылданған Ата Заң елдің одан әрі дамуына және азаматтардың өміріне елеулі әсер ететінін жеткізді. Мемлекет басшысы Конституцияға Қазақстан халқының атынан қол қойғанын және оны іске асыру жөніндегі жарлықты бекіткенін мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, құжат осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар Конституция күні енді жыл сайын 15 наурызда жалпыұлттық деңгейдегі мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1183103?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау