ҚР Әділет министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әділет министрілігінің қоғамдық кеңес төрағасы Марат Башимовтың қатысуымен өткен жиынға Қазақстан заңгерлер одағының, Халықаралық заңгерлер қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ адвокатура, нотариат және өзге де құқықтық институттар мен заңгерлік қауымдастық өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңесте:
1.«Адвокаттар көрсететін кепілдендірілген заң көмегіне ақы мөлшерін және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мәселелерін талқылау».
2. «ҚР Әділет министрлігінің нормашығармашылық қызметті жетілдіру саласындағы 2025 жылғы жұмысының қорытындылары туралы» мәселелер талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес төрағасы заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін комиссия мүшелеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ету үшін, алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1183251?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version