Санкт-Петербург үкіметінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумның қорытындысын талқылауға арналған жиын өтті.
Қатысушылар қазақстандықтарды референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін және оның соңғы жылдардағы ауқымды саяси өзгерістерді дәйекті жалғастыру бойынша бағытын атап өтті. Олардың пікірінше, Қазақстанның жаңа Конституциясы ішкі және сыртқы сын-қатерлерге өзгерістер мен жауаптарды көрсетеді.
Сондай-ақ, олар жаңа Негізгі Заң Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға қызмет ететініне сенім білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/1183545?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау