ШҚО-да «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
17-20 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге, сондай-ақ шетелдік азаматтар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері келген азаматтардың тұратын және жұмыс істейтін жерлері бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Тексерулер кәсіпорындарды, базарларды, құрылыс нысандарын және басқа да аумақтарды қамтиды.
Шетелдіктердің елде болу заңдылығына және жұмысқа рұқсат беретін құжаттарының болуына ерекше назар аударылады.
ШҚО Полиция департаменті көші-қон заңнамасын бұзу шетелдік азаматтар үшін де, оларды еңбек қызметіне заңсыз тартатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Тәртіп сақшылары өңір тұрғындарын заңнама талаптарын қатаң сақтауға және барлық қажетті құжаттарды уақытылы ресімдеуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1182810?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау