2026 жылғы 17 наурыз — Бүгін Дене шынықтыру және спорт басқармасы сноубордтан жылдың басты ұлттық додалары — Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен ҚР Жастар чемпионатының негізгі жарыс күндерін ресми түрде ашты. Дүрмекті додаға еліміздің 56 үздік спортшысы қатысуда. Қатысушылар географиясы қысқы спорт түрлерінің жетекші орталықтарын қамтиды: атап айтқанда, Өскемен мен Риддер қалаларының, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының өкілдері бақ сынасуда.
Турнирлер параллельді режимде өтіп, бір трассада тәжірибелі шеберлер мен өскелең ұрпақтың басын қосты. Жастар біріншілігі 7 жастан 20 жасқа дейінгі төрт жас ерекшелігі тобын қамтыса, ересектер арасындағы Чемпионатта 16 жастан асқан ерлер мен әйелдер жүлдеге таласуда. Барлық жарыстар FIS халықаралық ережелеріне сәйкес өткізілуде, бұл доданың жоғары мәртебесін айғақтайды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төреліктің жоғары деңгейі ұйымдастырушылардың ерекше бақылауында. Мұндай ауқымды турнирлерді өткізу аймақтар арасындағы спорттық байланысты нығайтуға және Қазақстанда сноуборд дисциплиналарын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Жарыс бағдарламасы:
* 17 наурыз: Параллельді алып слалом (іріктеу, финал);
* 18 наурыз: Параллельді слалом (іріктеу, финал);
* 19 наурыз: Командалық жарыс (аралас командалар), параллельді слалом;
* 19 наурыз (кешкісін): Қорытынды жасау, салтанатты марапаттау рәсімі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1183226?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау