Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысында жоғары білімнің жаңа басымдықтары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысында жоғары білімнің жаңа басымдықтары талқыланды

Бүгін, 17 наурыз күні, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және жоғары оқу орын өкілдерінің қатысуымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Стратегиялық серіктестер кеңесінің IV отырысы өтті. Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Стратегиялық серіктестер кеңесінің атқарушы құрамының мүшелері, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып жатқан негізгі шешімдер мен бастамаларға шолу ұсынылды. Вице-министр ведомство жоғары білім беру жүйесін тұрақтылығын және халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жүйелі трансформацияны кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Басым бағыттардың қатарында Қазақстанды халықаралық білім беру орталығы ретінде қалыптастыру бар. Бұл шетелдік серіктестіктер мен филиалдар желісін кеңейтуді, жаңа ілгерілету құралдарын енгізуді, жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығын нығайтуды және саланы қаржыландырудың жаңартылған моделін әзірлеуді қамтиды.

Күн тәртібі аясында жоғары білім беру жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, «Қазақстандағы қабылдау жүйесінің болашағын қалыптастыру» атты баяндамада ETS ұйымындағы NAEP бағдарламасының атқарушы директоры Терран Браун әзірленіп жатқан Admissions Insight Test (AIT) заманауи әрі халықаралық деңгейде салыстырмалы қабылдау жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл жүйе тек білімді тексерумен шектелмей, XXI ғасырдың негізгі құзыреттерін, соның ішінде сыни ойлау, коммуникациялық және аналитикалық дағдыларды бағалауға бағытталады.

Өз кезегінде «Ұлттық тестілеу орталығы» директорының бірінші орынбасары Нұрсейіт Байжанов жобаны 2026-2028 жылдары кезең-кезеңімен іске асыруға назар аударды. Бұл үдеріс жаңа модельді әзірлеуді, пилоттық сынақтан өткізуді және кейіннен енгізуді қамтиды, сондай-ақ оның бүкіл білім беру жүйесін трансформациялаудағы стратегиялық маңызы атап өтілді.

Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Стратегиялық серіктестер кеңесінің жұмыс жоспарлары қарастырылып, оларды хатшылық басшысы Олгун Чичек таныстырды.

Сонымен қатар Қазақстанды Орталық Азиядағы CIMEA өңірлік кеңсесін орналастыру үшін стратегиялық орталық ретінде позициялау мәселесіне ерекше назар аударылды. CIMEA ұйымының бас директоры Лука Лантеро еліміздің өңірлік білім беру орталығы ретіндегі жоғары әлеуетін, шетелдік студенттер санының артуын және шетелдік университеттермен ынтымақтастықтың қарқынды дамуын ерекше атап өтті.

Отырыс тәжірибе алмасу, бірлескен бастамаларды қалыптастыру және халықаралық серіктестікті одан әрі нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1183442?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version