ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        🔶 2026 жылғы 17 наурыз күні Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.О. Қалдарбеков төрағалығымен техникалық оқу өтті.

        🔶 Оқу барысында Декларация туралы, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты туралы, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін жауаптылықты талқылау туралы, ҚР Бюджет кодексінің 135-бабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есебі туралы, ҚР Бюджет кодексінің 136-бабы мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерін басқару және қарыз алу туралы жалпы ережелер және 167-бабына байланысты гранттардың пайдаланылуын мониторингтеу және бағалау туралы, мемлекеттік сатып алудағы жиі орын алатын бұзушылықтар туралы баяндалды.

        🔶 Аталған іс-шараға Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Наурызбаев Ербол Ізтілеуұлы, тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, бөлім басшылары және барлық қызметкерлер қатысты.

        🔶 Күн тәртібіне сәйкес Е. Наурызбаев, тексеру комиссиясының мүшесі Е. Абдрахманов, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Искакова, мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы Р. Көрпелдесова, мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторлары – мемлекеттік аудиторлар С. Келдебеков пен Р.Умаров баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. ✅

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1183529?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version