Энергетика министрлігі өңірлерді газдандыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Осы жоспардың аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Теміртау қаласындағы «Соцгород» ауданының бір бөлігін табиғи газға қосуды аяқтады. Жоба «Сарыарка» магистральды газ құбырының I кезеңінің III іске қосу кешені шеңберінде жүзеге асырылып, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға маңызды үлес қосты.
Нәтижесінде «Сетевой» және «Теміртауский переулок» аудандарын қоса алғанда, шамамен 1 мың абонент табиғи газға қол жеткізді. Жоба аясында 28 шақырымнан астам газ тарату желілері тартылып, 13 заманауи газ реттеу пункті орнатылды.
Газдандыру тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартып қана қоймай, қатты отынды пайдаланудан шығатын зиянды қалдықтарды азайту арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктемені едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
Жалпы, бүгінгі таңда Теміртау қаласында 6 мыңға жуық абонентті қосу мүмкіндігімен 237 шақырым газ құбыры салынды, оның ішінде 2,3 мыңы қосылған.
Жезқазған қаласы мен Кенгір кентінде 185 шақырым желі тартылып, 3,5 мың абоненттің 2 мыңы қосылған. Ал Қарағанды қаласында 355 шақырым газ құбыры салынып, 8,7 мың абоненттің 5,2 мыңы қосылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1183434?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау