Алтай ауданы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Серебрянск қаласында ойын форматында көшпелі сот процесі ұйымдастырылды. Іс-шараға Технологиялық колледж студенттері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, сондай-ақ девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектептің тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар интерактивті форматта сот процесінің негіздерімен танысып, судья, прокурор және қорғаушы рөлдерін орындап көрді. Бұл олардың сот төрелігінің қағидаттарын және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді. Алтай ауданының прокуроры Рыспаев Ержан мұндай формат жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға және заң мен басқа азаматтардың құқықтарына құрметті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-sredigor/press/news/details/1183040?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау