«Жіті ішек инфекциялары мен тағамдық токсикоинфекцияның алдын алу бойынша онлайн семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 наурызда онлайн форматта Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Атамекен» ҰКП өкілімен бірлесіп, жеке кәсіпкер асхана қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді. Семинар барысында жіті ішек инфекциялары мен тағамдық токсикоинфекцияның алдын алу, олардың белгілері, сондай-ақ Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай түсіндірілді. Сонымен қатар өндірістік бақылау, міндетті медициналық тексерулерден уақтылы өту және жеке медициналық кітапшаларды 2025 жылдан бастап электрондық форматта жүргізу мәселелері қаралды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1183511?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version