🔰 САРЫАҒАШ: ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН СОТҚА ДЕЙІНГІ РЕТТЕУ – ТИІМДІ ӘДІСТЕР МЕН ТӘЖІРИБЕ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Үстіміздегі жылдың 18 наурыз күні Сарыағаш аудандық сотының ұйымдастыруымен Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.З.Биболовтың қатысуымен өткізілген семинарға еңбек даулары бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерге түсіндірме беру мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы қатысты.
 
Семинар барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы еңбек қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамаларды дұрыс қолдану, еңбек дауларын шешудің тиімді жолдары, сондай-ақ жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтық қатынастарды реттеу мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.. Қатысушыларға еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеу тетіктері, келісім комиссияларының жұмысы және еңбек инспекциясының құзыреті жөнінде түсіндірмелер берілді.
 
Іс-шарада тәжірибеде жиі кездесетін даулы жағдайлар қарастырылып, оларды заң талаптарына сәйкес шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, еңбек құқықтарын қорғау, қызметкерлердің заңды мүдделерін сақтау және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бағытында пікір алмасу өтті.
 
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алып, еңбек заңнамасын қолдану бойынша практикалық ұсыныстарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1184412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version