14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан игі дәстүрі, адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, өкпе-ренішті ұмытып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ерекше күн.

Көрісу күні – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, ағайын-туыс пен көрші-қолаң бір-біріне ақ тілектерін арнайтын берекелі мереке. Осындай игі дәстүрлер ұрпақтар сабақтастығын жалғап, қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты арттыра түседі.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Бірлігіміз бекем, берекеміз мол болсын!

Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1182953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version