14 наурыз – Көрісу күніне орай Ақжар ауылдық мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараны Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық паркі қызметкерлері, “Таңжарық” бөбекжай-балабақшасы және ауылдық мәдениет үйі бірлесе өткізді.
Мерекелік іс-шара барысында ұлттық дәстүріміз дәріптеліп, көрісу салтының маңызы түсіндірілді. Қатысушылар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектер айтты.
Шараның басты мақсаты – ұлттық дәстүрді насихаттау, жас ұрпақтың бойына сыйластық пен бірлік құндылықтарын сіңіру болды. Мерекелік кездесу көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-akzhar/press/news/details/1182881?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау