14 наурыз күні Үшқұдық ауылында қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі – Көрісу күні кең көлемде атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдіретін ерекше мереке.

Мереке қарсаңында ауылда түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары үшін ұлттық спорттық ойындар өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға арналған арнайы көрме ұйымдастырылып, онда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін бұйымдар, қолөнер туындылары мен ұлттық тағамдар таныстырылды.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындары бір-бірімен көрісіп, қол алысып, жылы лебіздерін білдірді. Үлкендер жастарға ақ батасын беріп, татулық пен бірлік туралы тағылымды сөздер айтты. Мерекелік дастархан жайылып, жиналған қауымға бауырсақтар мен түрлі тәттілер ұсынылды.

Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге үлкен үлес қосады. Көрісу күні ауыл халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, барша жұртты бір шаңырақ астына біріктірген жарқын мерекеге айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1182059?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version