🔸16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері №24 мектепте оқушылардың қатысуымен танымдық іс-шара өткізді.
🔹Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы ақпарат беріліп, олардың маңыздылығы түсіндірілді. Қызметкерлер балалармен бірге ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, салт-дәстүрлердің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуының маңызын атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1181633?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау