18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл мереке – халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен бай мәдени мұрасын дәріптейтін, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше күн. Ұлттық киім – ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан сыр шертетін асыл қазына, ұлт рухының көрінісі.
Осы айтулы мерекеде Үшқұдық әкімшілігі, Үшқұдық мәдениет үйі, Үшқұдық спорт кешені және Үшқұдық амбулаториясының қызметкерлері ұлттық киімдерімізді дәріптеу мақсатында бірлесе отырып, жұмыс барысында ұлттық нақыштағы киімдермен қызмет атқарды. Бұл игі бастама – ұлттық құндылықтарға деген құрметтің жарқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар елдік рухты көтеретін маңызды қадам болды.
Әрбір шапан, камзол, тақия мен сәукеле – халқымыздың тарихынан сыр шертіп, дәстүр мен мәдениеттің сабақтастығын паш етті. Қызметкерлердің ұлттық киіммен жұмыс істеуі – ұлт мұрасына деген шынайы жанашырлықтың белгісі ретінде көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Мұндай шаралар арқылы біз ұлттық бірегейлігімізді сақтап қана қоймай, оны келер ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейміз.
Ұлттық киім – бұл тек мерекелік сән-салтанат емес, ол – халықтың жаны, тарихы мен тағдыры. Осындай тағылымы мол бастамалар қоғамда ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттырып, ел бірлігін нығайта түседі.
https://www.instagram.com/reel/DWAqu31CBhe/?igsh=NnZpcDdwZjBlMWFt
https://www.instagram.com/reel/DWA07rRjOsv/?igsh=MTV1ZWEycTBheDlsbw==
https://www.instagram.com/reel/DWBikL0jIQh/?igsh=MXVrcXRjZnBxYW1xdw==
https://www.instagram.com/reel/DWBisibDAVJ/?igsh=MWIxaWZvaXlqaWE5eQ==
Ұлттық киім күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1184555?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау