Бұл акция ҚР ҚМ жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған.
Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым
Акция аясында келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:
– бухгалтерлік есеп;
– салықтық есептілік;
– ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.
Жұмыс форматы:
Негізгі формат — облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау.
Кеңес беру кестесі:
– 2026 жылғы наурыз-маусым — аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00–13:00
Мекен жайы: Ақтөбе қаласы Қобландина көшесі 7
Кеңес берушілер:
– кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
– бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
– заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.
«Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/1184057?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау