2026 жылғы 15 наурыз күні Достық ауылдық округ аумағында Республикалық референдум ұйымдастырылып, өткізілді. №96 және №69 Референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеп, тұрғындардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалды. Ауыл тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді. Дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ашық әрі ұйымдасқан түрде өтті. Учаскелік комиссия мүшелері мен жауапты қызметкерлердің бірлескен жұмысының нәтижесінде референдум жоғары деңгейде өтті.ыл тұрғындары қоғамдық-саяси маңызды шараға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1181779?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау