Бүгін, 2026 жылғы 17 наурызда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Пленарлық отырысқа аудан әкімінің орынбасары Б.К. Сейдахметов, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары, Тобыл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның Қоғамдық кеңестің өкілдері, БАҚ қатысты.
Депутаттар Қостанай ауданы Тобыл қаласының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне, Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялардың дербес құрамдарына барлық ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Шешім жобалары аудандық мәслихаттың бірлескен комиссиялардың отырысында алдын ала қаралып, талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/1183001?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау