2026 жылғы Жолдау – ел дамуының жаңа бағыты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Онда экономиканы әртараптандыру, цифрландыруды жеделдету, әлеуметтік саланы нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру басты басымдық ретінде белгіленгені көңіл қуантады. Әсіресе, отандық өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және жастарға сапалы білім мен мүмкіндік беру бағытындағы нақты тапсырмалар – болашаққа жасалған сенімді қадам.
Бұл Жолдау – әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік жүктейді. Елдің дамуы тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әр азаматтың белсенділігі мен бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан Жолдауда айтылған бастамаларды қолдап, оны жүзеге асыруға атсалысу – ортақ міндет.
Жалпы алғанда, 2026 жылғы Жолдау – тұрақты даму мен жарқын болашаққа бастайтын маңызды бағдар деп сенемін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1183205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version