Абай облысында жаңа Конституция бойынша республикалық референдум басталд

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс бойынша барлық учаскелер өз жұмысын уақытылы бастап, дауыс беру процесі қалыпты және ұйымдасқан түрде өтуде.

Абай облысының №97 учаскелік референдум комиссиясында да жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Таңертеңгі сағаттардан бастап тұрғындар белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасауда. Учаскеде барлық қажетті жағдайлар жасалып, дауыс беру рәсімі заң талаптарына сәйкес, ашық әрі жүйелі түрде жүргізілуде.

Азаматтардың белсенділігі ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді. Тұрғындар референдумға қатысу арқылы маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Жалпы алғанда, өңірде дауыс беру процесі тұрақты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жұмыстар қарқынды әрі жүйелі жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1181677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version