Абыройлы әулеттің алтын шаңырағы: Абихановтар династиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Абыройлы әулеттің алтын шаңырағы: Абихановтар династиясы

14 наурыз – Көрісу күніне орай ШҚО ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының қызметкерлері жас сақшылармен бірге ІІО ардагері, ШҚО Полиция департаменті ардагерлер кеңесінің шахматшылар командасының капитаны, полиция полковнигі Абиханов Ислямхан Ақанұлын мерекемен құттықтады. Бұл кездесу – Отанға қызмет етуді мұрат еткен тұтас бір әулетке көрсетілген ерекше құрмет.

Абихановтар әулетінің погон таққан тарихы соғыс ардагері Ақан Абихановтан басталады. Әкесінің ізін басқан Ислямхан Ақанұлы 1975 жылдан бастап тергеушіліктен Күршім ауданы ІІБ бастығына дейінгі абыройлы жолдан өтті. Бүгінде ол – полиция полковнигі, ауданның құрметті азаматы және ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған тұлға.

Ислямхан аға мен 40 жыл ұстаздық еткен Нүрима апайдың отауласқанына 52 жыл толды. Бүгінде олар 11 немере мен 1 шөбере тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Әулет дәстүрін ұлдары Бақыт ішкі істер саласында және Еркін прокуратура саласында абыроймен жалғап, ел игілігіне қызмет етті.

«Ел тыныштығын күзету – ердің ісі», – деген ардагер кездесу барысында жас сақшыларға ақ батасын берді. Абихановтар әулетінің ғибратты өмір жолы – жас буын үшін нағыз адалдық пен отансүйгіштіктің мектебі.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1181679?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version