Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №20 мекемесіне барды.
Баруды жүзеге асыру барысында сотталғандарды ұстау жағдайлары, үй-жайлардың санитарлық жағдайы, қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы қаралды. Ерекше назар сотталғандардың жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарының сақталуына және олардың құқықтарының қамтамасыз етілуіне аударылды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі мекеменің жұмысын ұйымдастырумен танысып, мекеме қызметкерлерімен әңгіме өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтының қызметі, оның негізгі қағидаттары мен құндылықтары, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңға бағынушылық, адалдық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттары «Адал азамат» идеалдары тұрғысынан қарастырылып, азаматтардың түрлі өмірлік жағдайларда құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелері қозғалды.
Бару аясында сотталған азаматты жеке қабылдау өткізілді, оның барысында көтерілген мәселелер қаралып, құзырет шегінде тиісті түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1182273?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау