Алматы облысында жастарға ұлттық киімнің тарихы мен философиясы туралы айтылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз — Ұлттық киім күні деп белгіленді. Осыған орай Алматы облысының Талғар қаласында жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған тақырыптық іс-шара өтті.

Кездесу Талғар аудандық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылып, оған колледж студенттері қатысты.

Кездесу барысында аға буын өкілдері жастарға ұлттық киімнің тарихы, оның тәрбиелік мәні мен қазіргі қоғамдағы маңызы туралы тағылымды мәліметтерді бөлісті.

Ұлттық киім халықтың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен дүниетанымын айқындайтын мәдени мұраның маңызды бөлігі екені сөз болды. Әсіресе ою-өрнектер мен түстер үйлесіміне терең мән беріліп, онда ұлт философиясы көрініс тапқаны айтылды.

Жиында қатысушылар жастардың ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарға құрметпен қарауы қоғамның рухани бірлігін сақтап, болашақтың берік іргесін қалыптастыруға негіз болатынын атап өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1184035?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version