Амал мерекесі – татулықтың бастауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

14 наурыз – Амал мерекесіне орай қала көшелерінде тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында тағылымы мол акция ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүрді ұлықтаған шара барысында қала тұрғындарына қымыз бен бауырсақтар таратылып, көпшілікке мерекелік шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Іс-шараның басты мақсаты – халқымыздың көне әрі тағылымды мерекелерінің бірі саналатын Амал күнінің мән-маңызын кеңінен насихаттау, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту.

Шара барысында тұрғындар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, мерекенің шынайы рухын сезінді. Үлкендер бата беріп, жастар ұлттық салт-дәстүрдің қадірін ұғынуға мүмкіндік алды. Осындай игі бастамалар арқылы ұлттық құндылықтар жаңғырып, халықтың бірлігі мен ынтымағы арта түсетіні анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1181728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version