⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары және наурыз айында өтетін мерекелік мәдени көпшілік шаралардың сапалы ұйымдастырылуы туралы талқыланды.
🔸️Сонымен қатар, аудан әкімі коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмыс жасауына ерекше назар аудара отырып, қатаң бақылауға алуды ескертті.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1182670?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау